Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

8531-ге жетті: Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 209 адам тіркелді

Опубликовано:

Медик в защитном костюме замеряет температуру
Фото: Original

Елімізде тағы 209 адамнан коронавирус табылды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 8531-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

"24 мамыр 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, Алматы қаласында – 37 адамнан, Қарағанды облысында – 33 адамнан, Жамбыл облысында – 33 адамнан, Нұр-Сұлтан қаласында – 32 адамнан, Батыс Қазақстан облысында – 28 адамнан, Атырау облысында – 12 адамнан, Павлодар облысында – 10 адамнан, Ақтөбе облысында – 6 адамнан, Қызылорда облысында – 6 адамнан, Алматы облысында – 4 адамнан, Шығыс Қазақстан облысында – 4 адамнан, Қостанай облысында – 2 адамнан, Ақмола облысында – 1 адамнан, Маңғыстау облысында – 1 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Елімізде өткен тәулікте ауру өсімі 2,5% құрады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирустық инфекцияға тестілеу қалай жүргізіліп жатқаны жайлы айтқан еді.

Оның сөзінше, анықталған жағдайлардың көпшілігінда ауру белгілері байқалмаған.

Яғни кейбір адамдар коронавирус жұқтырғанымен ешқандай ауруы белгілерін сезінбеуінде.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857255-8531-ge-zetti-kazakstanda-koronavirus-zktyrgan-tagy-209-adam-tirkeldi/

pixel