RU

Кенелер мен масалар адамдарға коронавирус жұқтыра ала ма

Кенелер мен масалардың түрлі ауруларды тасымалдай алатыны белгілі. Осы орайда мамандар олардың адамдарға коронавирус жұқтыруы мүмкін бе деген сауалға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Аргументы и факты басылымына сілтеме жасап.

Кенелер мен масалар адамдарға коронавирус жұқтыра ала ма
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Биология ғылымдарының докторы, профессор Александр Чепурнов вирустың қан арқылы жұғу мүмкіндігінің төмен екенін айтады.

"Коронавирус ағзаға енуге қолданатын тыныс алу жолдары мен негізгі рецепторлары өкпе жасушаларында орналасқан, сондықтан вирустың қан арқылы жұғу мүмкіндігі төмен", - деп түсіндірді ол.

Ал жоғары санатты терапевт Ольга Александрованың айтуынша, масалар мен кенелер тек өздері ауыратын қоздырғыштарды ғана өзгеге жұқтыруы мүмкін.

"Коронавирус - бұл жәндіктерге таралмайтын ауру. Иә, масалар бірнеше адамды қатарынан шаға алады, бірақ олар шаққан кезде алдыңғы құрбанның қанын шашпайды", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 209 адам тіркелді. Осылайша бүгінде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 8531-ге жетті.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирустық инфекцияға тестілеу қалай жүргізіліп жатқаны жайлы айтқан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1857293-keneler-men-masalar-adamdarga-koronavirus-zktyra-ala-ma.html