RU

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған 33 адам жайлы тың дерек шықты

Жамбыл облысында 24 мамыр күні коронавирус инфекциясын жұқтырудың 33 дерегі тіркелді. COVID-19 инфекциясын жұқтырған жаңа пациенттер жайлы мәліметті KAZ.NUR.KZ Жамбыл облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған 33 адам жайлы тың дерек шықты
Көрнекі фото: hightech.fm: Instagram

Өткен тәулікте облыста коронавирус анықталған 33 адамның 29-ы Тараз қаласынан.

Олардың 28-і 4 жастан 41 жасқа дейінгі тұлғалар. Бәрі - бұған дейін ауырғандармен байланыста болғандар.

Сондай-ақ, COVID-19 24 жастағы жүкті келіншектен расталған. Ол 23 мамыр күні перзентханаға жатқызар алдындағы жоспарлы тексеруден өткен.

Келіншек сол күні босанған. Бала мен ананың жағдайы қанағаттанарлық. Сәбиде коронавирустың бар-жоғы тексерілуде.

Бұдан бөлек, Тұрар Рысқұлов ауданының 1966, 2004, 2017 және 2018 жылы туған төрт тұрғынынан COVID-19 анықталған.

24 мамырындағы жағдай бойынша жалпы Жамбыл облысының аумағында коронавирус инфекцияcын жұқтырудың 292 жағдайы тіркелген.

Ауырғандардың ішінен 171 адам сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылған.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде өткен тәулікте тағы 209 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 8531-ге жетіп отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1857312-zambyl-oblysynda-koronavirus-zktyrgan-33-adam-zajly-ty-derek-sykty.html