Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"19 жыл болыпты": Ердос Қанаев пен Еркін Нұржанов өз мектебіне барып қайтты (фото)

Опубликовано:

"Жігіттер" квартетінің әншісі Ердос Қанаев пен экс-мүшесі Еркін Нұржановтың мектеп бітіргеніне биыл 19 жыл болған. Бір білім ордасында оқыған қос жұлдыз өздері түлеп ұшқан ошақтың соңғы қоңырауына қатысып қайтқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/erdoskanaev. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/erdoskanaev. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Ердос Қанаев өзінің Instagram парақшасында соңғы қоңырау кезіндегі суреттермен бөлісіп, өзімен 11 жыл бойы бір партада отырған сыныптасын көрсетті. Қызығы, ол да көпке танымал әнші Еркін Нұржанов болып шықты.

"Бүгін мектептерде соңғы қоңырау соғылатын күн. Биыл онлайн соғылады-ау! Еркін екеуміздің 11-жыл бірге оқып, 11 жыл бір партада білім алған алтын ұя мектебіміз. Уақыт деген өте шығыпты, мектеп бітіргенімізге биыл 19 жыл болыпты. Алла нәсіп етсе келесі жылы 20-жылдық. Алла сол күнге жеткізсін. Биылғы 20-жылдық мерекесімен барлық 83-терді құттықтаймын" , - деп жазды Қанаев.

Желідегілер биыл мектеппен қоштасу онлайн режимде өтіп жатқанда, қос әншінің білім ошағына барғанына қатты таңғалған. Бірі бұл бұрынғы соңғы қоңыраудағы мұрағаттық суреттер деп жатса, енді бірі олардың биыл да өз білім ордасына барғанын айтуда.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызы ұлының соңғы қоңырауы қалай өткенін айтып берген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1857344-19-zyl-bolypty-erdos-kanaev-pen-erkin-nrzanov-z-mektebine-baryp-kajtty-foto/

pixel