RU

Президент түлектерді "соңғы қоңырау" күнімен құттықтады

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп бітіруші түлектерді құттықтап, ұлағатты ұстаздар қауымына алғысын білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Depositphotos

Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Құрметті түлектер! Баршаңызды бүгінгі ерекше жағдайда өтіп жатқан "соңғы қоңырау" күнімен құттықтаймын! Асыл армандарыңыз орындала берсін! Болашақтарыңыз жарқын болады деп сенемін! Жас ұрпақты ғажайып білім әлеміне жетелейтін ұстаздар қауымына қажырлы еңбектері үшін алғыс айтамын!" - деді Тоқаев.

Еске сала кетсек, білім және ғылым министрі оқушылар мен ата-аналарды, ұстаздарды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, мектеп бітірушілеріне, колледж бен университет түлектеріне сәт сапар тілеген болатын.

Аймағамбетов үндеуінде мектеп бітіргеннен кейін бірден университетке түсе алмағанын мәлім етті.

"Одан ұялудың еш қажеті жоқ. Менің алдымда екі таңдау болды. Біріншісі - ақылы түрде оқу, екіншісі - 1 жыл дайындалып, кейін ҰБТ-ға қайта тапсыру. Сол кезде 1 жыл дайындалып, тесті қайта тапсырамын деп шешім қабылдадым. 1 жыл уақытымды табанды дайындық пен жұмысқа арнап, нәтижесінде келесі жылы армандаған грантқа қол жеткізген болатынмын", - деді ол.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1857348-prezident-tlekterdi-sogy-koyrau-knimen-kttyktady.html