RU

Жапония коронавирусқа байланысты енгізілген ТЖ режимін тоқтатты

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ дүйсенбі күні баспасөз мәслихатында сәуір айында коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген төтенше жағдай режимінің тоқтатылғанын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Синдзо Абэ. Фото: РИА Новости / Алексей Даничев
Синдзо Абэ. Фото: РИА Новости / Алексей Даничев: Facebook

Осылайша, Жапония аумағында ТЖ режимі аяқталды. Премьер-министрдің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатының көрсетілімін NHK телеарнасы ұсынды.

"Бүкіл ел аумағында ТЖ режимі тоқтатылды", – деді Синдзо Абэ.

Еске сала кетсек, Күншығыс елінде коронавирус инфекциясына байланысты төтенше жағдай режимі сәуір айының басында енгізілді.

8 сәуірде Токио өңірі мен тағы алты префектурада шектеу шаралары қабылданды. Кейіннен ТЖ режимі бүкіл ел аумағына тарады.

Бұған дейін мамыр айында инфекция жұқтырғандар санының аз болуына байланысты ел билігі 39 префектурада, кейіннен Осака, Хёго және Киотода шектеу шараларын алып тастаған болатын.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанның Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған 33 адам жайлы тың деректер пайда болғанын хабарлағанбыз.

Олардың 28-і 4 жастан 41 жасқа дейінгі тұлғалар. Бәрі - бұған дейін ауырғандармен байланыста болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1857352-zaponia-koronaviruska-bajlanysty-engizilgen-tz-rezimin-toktatty.html