Выйти
RU

"Күдіктімін": Журналист Мақсат Толықбай коронавирусқа тест тапсырды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал журналист Мақсат Толықбай коронавирусқа қатысты тесттен өтуге мәжбүр болған. Ол үшін БАҚ өкілін айтшылап жүрген жерінен арнайы шақыртып алыпты. Тележүргізушіні COVID-19 инфекциясына шұғыл тексеруге журналистер қызмет ететін "ҚазМедиа орталығы" ғимаратынан жұқтыру деректерінің анықталғаны себеп болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/maksattolykbai. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/maksattolykbai. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Мақсат Толықбай өзінің Instagram парақшасында коронавирусқа тест тапсыру үшін кезекке тұрған сәтінен фото жариялап, мән-жайды түсіндірген.

"Кезекте тұрмын. Күдіктімін. "Бүгіннен қалмай (жексенбі күні айтшылап жүрген жерімнен шақырып алды) коронавирусқа қарсы тесттен өтуге міндеттісіз",- деді. Нәтижесі ертең шығады екен. Саумын, ешқай жерім ауырмайды. Бірақ тесттің не көрсетерін құдай білсін", - деп жазды журналист.

Еске сала кетейік, бұған дейін "ҚазМедиа орталығы" ғимаратында орналасқан "Еуразия" бірінші арнасының екі қызметкерінен COVID-19 вирусы анықталған болатын. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ресми түрде мәлімдеді.

Аталмыш ғимаратқа енді 7 маусымға дейін кіруге тыйым салынады. Осы арада телеарнаның жұмысы эпидемияға қарсы қатаң режимге көшірілді. Барлық қызметкерлерге қашықтан жұмыс режиміне өту тапсырылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Күдіктімін": Журналист Мақсат Толықбай коронавирусқа тест тапсырды (фото)