Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі полицейдің өліміне себепкер болған күдікті азаматтың да тәртіп сақшысы екені рас па

Опубликовано:

Бүгін Алматы блок бекетінде екі полиция қызметкерінің өмірін жалмаған жол апаты орын алды. Қайғылы жағдайға қатысы бар BMW көлігінің жүргізушісі, 1992 жылғы ер адам туралы желіде ақпарат пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Telegram және Polisia.kz
Фото: Telegram және Polisia.kz: Instagram

Бұл туралы Телеграмдағы Kozachkov offside арнасында жарық көрді.

"Тәртіп сақшылары BMW көлігін кім басқарғанын айтпады. Себебі ішіп алған жүргізуші полиция қызметкері Азат Азаматов болып шықты. Тек ол қазір жұмыс істеп жүрген қызметкер ме, әлде апатқа 40 секунд қалғанға дейін жұмыстан шығарылған қызметкер ме, түсініксіз", - делінген жазбада.

Алматы қаласының полиция департаменті Tengrinews басылымына бұл туралы пікір білдірген.

"Бұл ақпаратты - BMW жүргізушісі қызметкер ме деп екі ауданның кадр бөлімінде және деректер базасынан тексердік. Бұлар - Алатау және Алмалы аудандары. Нәтижесінде ақпарат расталмады", - деді ведомство.

Еске сала кетейік, екі полиция қызметкерінің өмірін жалмаған жол апаты 25 мамырда таңғы сағат 5.30-да Көксай ауылындағы блок-бекетте болған.

BMW көлігінің жүргізушісі, 1992 жылы туған ер адам әуелі бетон қоршауға соғылып, содан кейін полиция қызметкерлерінің көлігіне соқтығысқан. Көлік ішінде қос бірдей полиция қызметкері отырған.

Алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында полиция аға лейтенанты Жалғас Жанғазиев қайтыс болса, оның әріптесі полиция сержанты Дастан Әбдіқанов ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, сол жерде есін жимастан көз жұмған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ведомство күдіктінің мас күйде болуы мүмкін екенін атап өтті. Ол қамауға алынған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857396-eki-policejdi-limine-sebepker-bolgan-kdikti-azamatty-da-trtip-saksysy-ekeni-ras-pa/

pixel