Выйти
RU

Алматыда карантин қашан аяқталады: Қала әкімінің орынбасары жауап берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда карантин қашан аяқталады? Немесе оқшаулау шаралары одан ары күшейтілуі мүмкін бе? Бұл сұрақтарға онлайн-брифинг барысында қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов пен оңтүстік астананың санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қожағапановтың айтуынша, жағдай тұрақталса, карантин тоқтатылуы мүмкін. Ол оқшаулау шараларын алып тастауға төрт шарт негіз болатынын жеткізді – біріншіден, инфекция жұқтырған соңғы адам жазылған кезде.

Екіншіден, соңғы науқас көз жұмғанда. Шенеунік өкішінке орай, бұндай жағдайдың да болу мүмкіндігін жоққа шығармады. Үшіншіден, вирус сыртта жойылғанда және төртіншіден, оған қарсы вакцина жасап шығарылғанда.

Өз кезегінде, Жандарбек Бекшин Алматыда аурудың өсімі 5 пайыздан төмен екенін жеткізді. Соның арқасында сауда орталықтарын, сауда үйлерін, қонақ үйлер мен қоғамдық тамақтану орындарын ашуға мүмкіндік туып отыр.

Алайда, аурудың өсімі 7 пайыздан асса, карантиндік шаралар күшейтіле бермек.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкент қаласында карантин шаралары 8 маусымға дейін созылғанын хабарлағанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда карантин қашан аяқталады: Қала әкімінің орынбасары жауап берді