Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев пен Ердоған бірін-бірі Ораза айт мерекесімен құттықтады

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Әңгімелесу барысында мемлекет басшылары бірін-бірі барша мұсылманның қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтап, бауырлас қазақ-түрік халықтарына бақ-береке тілеген.

Сондай-ақ, тараптар COVID-19 індетіне қарсы күресте екі ел үкіметтерінің қабылдаған нақты шараларын талқылаған.

Режеп Тайип Ердоған коронавирустың таралуын болдырмау,  азаматтарға ауқымды көмек көрсету, сондай-ақ, шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі Қазақстанның іс-қимылдарына жоғары баға берген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға қолдау көрсеткені және гуманитарлық көмек ретінде медициналық жеке қорғаныш құралдарын бергені үшін ризашылық білдірді.

Мемлекет басшылары аталған саладағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыра беруге ниетті екенін нақтылады.

Сонымен қатар тараптар өзара тауар айналымын ұлғайтудың және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталып, қазақ-түрік қатынастарының қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын талқылаған. 

Қазақстан мен Түркияның көшбасшылары түркі әлемі аясындағы ынтымақтастық жайында пікір алмасып, құрылғанына тура 10 жыл толған Түркі академиясының жемісті жұмысын атап өтті.

Әңгіме соңында мемлекет басшысы Түркия президентін Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Айта кетейік, қасиетті Рамазан айы аяқталып, кешеден бері күллі мұсылман қауымы Ораза айт мерекесін атап өтіп жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1857407-tokaev-pen-erdogan-birin-biri-oraza-ajt-merekesimen-kttyktady/

pixel