Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауру өсімі 2 пайыздан төмен өңірлерде қандай нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат етілмек

Опубликовано:

Бүгін үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен комиссия отырысы. Фото: primeminister.kz
Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен комиссия отырысы. Фото: primeminister.kz: Depositphotos

Отырыста қазіргі эпидемиологиялық ахуал және халықты жұмыспен қамту мақсатында қызмет салаларын қалпына келтіру мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданған.

Мәселен вирустың минималдық өсім қарқыны аптасына 2%-ға жетпеген өңірлерде:

  • сауда-ойын-сауық орталықтарының (ойын-сауық алаңдары, фудкорттар, кинотеатрлар іске қосылмайды);
  • қоғамдық тамақтану нысандарының (50 адамнан астам орынмен);
  • өндірістік тауарлар дүкендерінің (2 мың м2 астам);
  • фитнес-отралықтары, спорт кешендерінің;
  • SPA орталықтары, моншалар мен сауналардың;
  • балаларға арналған сауықтыру лагерьлерінің;
  • қоғамдық көліктің (шектеусіз) қызметін іске қосуға рұқсат етілмек.

Сонымен қатар 25 мамырдан бастап Атырау қаласымен ішкі әуе қатынасы  іске қосылады.

2020 жылғы 1 маусымнан бастап ел аумағында:

  • кезең-кезеңмен ішкі темір жол қатынасын іске қосуға байланысты темір жол вокзалдарының қызметі санитарлық нормаларға сәйкес ұйымдастырылады;
  • қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып, Қазақстан кәсіподақтар федерациясының қонақ үйлері мен сауықтыру санаторийлері және өңірлердегі курорттық, емдеу-сауықтыру нысандары қызметін қайта бастайды.     

Сондай-ақ, комиссия отырысы барысында Қазақстан азаматтарын шет елдерден қайтару жұмысы жалғасатыны белгілі болды.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов пен шаһардың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин оңтүстік астанада карантин қашан аяқталуы мүмкін екенін айтқан еді.

Бекшиннің сөзінше, қазір Алматыда аурудың өсімі 5 пайыздан төмен екен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857409-auru-simi-2-pajyzdan-tmen-irlerde-kandaj-nysandardy-zmys-isteuine-rksat-etilmek/

pixel