Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Болат Мажағұлов жаңа қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Болат Бауыржанұлы Мажағұлов Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ үкімет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Болат Мажағұлов. Фото:primeminister.kz
Болат Мажағұлов. Фото:primeminister.kz: Depositphotos

Болат Мажағұлов 1983 жылы Алматыда дүниеге келген. Қазақ ұлттық музыка академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы Астана қаласы мемлекеттік филармониясының симфониялық оркестрінің бірінші санатты әртісі болып бастаған.

2002 жылдан 2007 жыл аралығында Мемлекеттік филармонияда, "Ұлан" ұлттық гвардиясында, Астана қаласы "Наз" мемлекеттік халық театры" МКҚК еңбек еткен.

2007-2008 жылдары Астана қаласы Мәдениет басқармасының құрылымында жұмыс істеді.

2009 жылдан 2010 жыл аралығында Бейбітшілік және келісім сарайының директоры болды.

2010 жылдан 2015 жыл аралығында Астана қаласы Мәдениет басқармасын басқарды.

2015-2018 жылдары — Астана қаласы Мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы.

2018-2019 жылдары — Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2019 жылдың 29 шілдесінен бастап жаңа қызметіне дейін Нұр-Сұлтан қаласы Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

Айта кетейік, таяуда ғана мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның Филиппин және Австралиядағы жаңа елшілері тағайындалған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857413-bolat-mazaglov-zaa-kyzmetke-tagajyndaldy/

pixel