RU

"Барлығы емес": Алматы облысында блок-бекеттер алынатын болды

Алматы облысы аумағында карантин режимі сақталады, бірақ билік шектеу шараларын біртіндеп жеңілдетіп жатыр. Өңірдің бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетов аймақтағы блок посттарды алып тастау туралы шешім қабылдады, алайда барлығын емес деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Алматы облысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысында соңғы жеті күн ішінде коронавирус инфекциясының өсуі жеті пайыздан асқан аудандар мен қалаларды қоспағанда, шектеу шаралары облыста кезең-кезеңмен алынады.

Олардың қатарына Талдықорған қаласы, сонымен қатар Талғар және Кеген аудандары кіреді. Осы елді мекендерді қоспағанда, Алматы облысындағы блок посттарды алып тастау тапсырылды.

Тиісті құжатқа сәйкес, тұрғындар кемінде екі метр қашықтықты сақтап, сонымен қатар барлық жерде маска тағып жүру керек.

Адамдарға көшеге үш адамнан аспай шығу керек екендігі ескертілді. Саябақтар, алаңдар, жағалаудар ашылатын болды. Сонымен қатар облыс тұрғындарына саяжайға баруға рұқсат етілді.

Қаулы 25 мамырда күшіне енді. Құжаттың толық мәтінін мына жерден оқи аласыз >>>

Тамақтану орындары да ашылмақ. Алайда, оған келушілер бір уақытта отыз адамнан аспауы керек.

Айта кетейік, қазіргі таңда ел аумағында коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 8531-ге жетіп отыр. Өткен тәулікте тағы 209 адамнан COVID-19 анықталған. Ал ауру өсімі 2,5% құраған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1857428-barlygy-emes-almaty-oblysynda-blok-beketter-alynatyn-boldy.html