Выйти
RU

"Карантинге жатқызамын": Желіде дәрігердің көлік жүргізушісін "қорқытқан" сәті тарады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде медицина қызметкерінің блок-пост арқылы жүк тасымалдап бара жатқан ер адамды "карантинге жатқызамын" деп қорқытқан видеосы тарап кетті. Көпшіліктің талқысына түскен оқиға Қостанай облысында болған деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Видеодан кадр және pixabay.com

Фото: Видеодан кадр және pixabay.com

Шулы видео Facebook желісіндегі Ватсап Қазақстан тобында жарияланды.

Онда медицина қызметкері жүк көлігінің жүргізушісінен қандай жүк алып бара жатқанын сұраған.

Себебін білгісі келген ер адамға "блок-бекетте тұрмын" деп жауап берді медицина қызметкері.

Видео кадрынан жүргізушінің командирге не алып бара жатқанынан айтқанын да естуге болады. Ал блок-пост қызметкері өз кезегінде екі күнге карантинге жатқызып тастайтынын, оған құқығы бар екенін айтып, қорқытқан.

Tengrinews.kz мәліметінше, Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқиғаның Жітіқарадағы блок-постта болғанын хабарлаған.

"Медицина қызметкері жүргізуші өзін дөрекі ұстағаны үшін эмоцияға берілгенін түсіндірді. Өзінің қызметтік міндеттерін орындап тұрған мамандардың "көліктен түсіңіз" деген өтінішіне тіл тигізіп жауап берген. Ер адам дау туғызуға ұмтылды. Бекет қызметкерлеріне кабинаға отырып, қызмет көрсетуін талап еткен. Оның талаптары дөрекі болды", - деді ведомство.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Денсаулық сақтау басқармасы медицина қызметкерінің жазаланғанын жеткізді. 

"Оған тәртіптік жаза - сөгіс жарияланды. Ол өзінің кінәсін, оның ішінде лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғанын және әдеп нормаларын бұзғанын мойындады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, осыған Қарағанды облысы Абай қаласында жедел жәрдем қызметкерлерінің науқасқа ішіп барғанын жазған болатынбыз. Осы шулы оқиғадан соң дәрігерлер жұмыстан шығарылды. Бұл туралы өңірдің денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Карантинге жатқызамын": Желіде дәрігердің көлік жүргізушісін "қорқытқан" сәті тарады