Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір жылда екі үй, екі көлік алдым": Атышулы "Қалаулым" аруы табысы туралы ашып айтты

Опубликовано:

"Қалаулым" жобасына қатысып, танымалдылығын арттырған Камила Әділхан бүгінде табысты кәсіпкердің біріне айналған. Атышулы бағдарламаның септігімен сүйгенін жолықтырған ару қанша ақша табатынын жасырмай айтты. Ол бір жылда екі көлік пен екі үй сатып алуға қауқарлы болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ "Oybay Show" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/e.kami. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/e.kami. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Камила Әділхан "Қалаулымда" бақытын таппаса да, жобадағы досының арқасында өмірлік махаббатын жолықтырған.

Бойжеткеннің жолдасы Мағжан Аймахан атышулы бағдарламаның өзге қатысушысының досы болып шыққан.

Ерлі-зайыптылар сол адамның арқасында танысып, қосылғанын ашып айтты. Бүгінде олар табысты жұптардың бірі болып саналады.

Әрқайсысының өз кәсібі мен жеке мүлкі де бар. Камила Әділхан бір жылда жеткен жетістігін жасырмай айтты.

"Алматыда үйім бар. Анам мен әжеме әпергенмін. 27 миллионға алдым. Құрылыс жүріп жатқан кезде пәтер бағасы әлдеқайда арзан болады. Біз сол салынып жатқан кезде жақсы бағаға алдық. Үш бөлмелі. Қазір онда ремонт жүріп жатыр. Осы маусымның соңында аламыз. Сосын Қапшағай қаласында үйім бар. Оны тұрмысқа шығар алдында алдым. Сол үйге көшіп жатқанда мені алып қашты ғой. Өз басым бір жылда екі үй, екі көлік алдым ғой" , - деді Камила.

Еске сала кетейік, бұған дейін Камила Әділхан мен Мағжан Аймаханның алғаш рет ата-ана атанғанын жазған болатынбыз. Жас жұбайлар қызды болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1857461-bir-zylda-eki-j-eki-klik-aldym-atysuly-kalaulym-aruy-tabysy-turaly-asyp-ajtty/

pixel