Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төрт жыл бойы "жуынбаған" дәрігер көпшілікті өзінен үлгі алуға шақырды

Опубликовано:

Нью-Йорктық дәрігер Джеймс Гамблин төрт жыл бойы жуынбаған. Маман соған қарамастан өзінен жағымсыз иістің шықпайтынын алға тартып, көпшілікті өзінің тәсілін қолданып көруге шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Төрт жыл жуынбаған дәрігер көпшілікті өзінен үлгі алуға шақырды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Джеймс Гамблин тек қолын, беті мен шашын жуу үшін душты пайдаланады. Сонымен қатар ер адам арнайы құралдарды қолданбайды.

Ол біраз уақыттан кейін оның денесінің экожүйесі тұрақты күйге келгенін және өзінен жағымсыз иіс шығуы тоқтағанын мәлімдеді.

"Менен шын мәнінде жағымды иіс шығады. Ағзамның бұған үйренісуіне біраз уақыт қажет болды", - деді Хэмблин.

Оның айтуынша, таныстары да, әйелі де жағымсыз иіс сезбеген.

Джеймстің пікірінше, жуғыш құралдардың пайдасынан гөрі зияны көп. Мұның бәрі адам ағзасында өмір сүретін миллиондаған бактериялардың салдарынан. Сарапшының айтуынша, бұл микроорганизмдер денсаулық пен күшті иммунитеттің кепілі, ал дезинфекция оларды өлтіреді.

"Маңызды кездесулер алдында мен душқа кіріп, жай сумен шайынамын", - деді Хэмблин.

Дәрігер адамдарды өзінен үлгі алуға шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 20 жыл басын жумаған әйелдің көз тартар бұрымын көрсеткенін жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1857465-trt-zyl-bojy-zuynbagan-driger-kpsilikti-zinen-lgi-aluga-sakyrdy/

pixel