Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Орысша сөйлейді, намазхан азамат": Индира Расылхан күйеуін сынағандарға жауап берді

Опубликовано:

Қазақ эстрадасының әншісі Индира Расылхан желіде орысша сөйлегені үшін сынға қалған жолдасын жақтап шақты. Өнер иесі отағасы екеуін сөгіп тастаған көпшілікке жауап беріп, қызу талқыға түскен видеоларына қатысты пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/indirarasylkhan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/indirarasylkhan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Индира Расылхан оқырмандарына отбасылық бейнежазбасын көрсетемін деп басы бәлеге қалды.

Әнші аталмыш видеода күйеуімен орысша сөйлесіп, оған тамақ әзірлетіп қойғаны үшін елден оңбай сөз естіді.

Шоу-бизнес жұлдызы Instagram парақшасында өздеріне айтылған сынның орынсыз екенін айтып, жолдасына қатысты бар шындықты айтты.

"Біріншіден, Асекең үлкен әріппен "Аспазшы". Мұндай жарға жолыққан менің жолым болғыш екен. Мен жолдасымның қабырғасынан жаралғаннан, мен ол кісі не айтса да, не істесе де, тек қолдауым ғана қажет.

Иә, ол орысша сөйлейді. Орысша сөйлейді екен деп, мен оның жан дүниесіне түкіре алмаймын.

  • Алла мені Асекеңмен бір болуды жазғандықтан, мен оның жетістігіне қуанып, кемшілігін жасыру, менің әйелдік міндетім.

Себебі ол мені жар етіп алғанда, осы әйел менің жақсымды асырып, жаманымды жасырады деген сеніммен алды емес пе?

Мен қаншалықты сол сенімін ақтаудамын? Мәселе сода! Иә, кемшіліксіз адамның болмайтыны рас.

Кейде, кемшіліктерінен қашып кеткім де келетін кездер де болады. Бірақ, ол менің қашан да болсын қолдауыма мұқтаж екенін білемін. Асекең орысша сөйлесе, ол дінін ұмытты деген емес. Әлхамдулиллаh, намазхан азамат" , - деді ол.

Өнер иесі жазбасының соңында әйелдер қауымына жолдастарын бағалауға шақырды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1857476-oryssa-sjlejdi-namazhan-azamat-indira-rasylhan-kjeuin-synagandarga-zauap-berdi/

pixel