Выйти
RU

Полицейлер тұтқында болған Руслан Жанпейісовтің "сағын сындырғаны" рас па

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Полицейлер жайлы шулы видеолар арқылы танылған Руслан Жанпейісов (шын аты-жөні Бибарыс Райымбеков) өз ісін тоқтату туралы шешім қабылдады. Әйгілі видеоблогердің бұл әрекетіне не себеп болғанын Жанпейісовтің видеоблогинг бойынша әріптесі айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: youtube.com/ Гражданский Патруль

Видеодан кадр: youtube.com/ Гражданский Патруль

Youtube желісіндегі "Гражданский Патруль" каналының авторы әлеуметтік желіден Жанпейісовтің кетуіне қатысты пікір білдірді. Автор Русланның жаңа мәлімдемесінен кейін өзіне қатысты теріс пікірлер мен мемдер пайда болғанын айтты.

Осыған байланысты, тұтқында отырғанда белсенді полицейлер Жанпейісовтің "сағын сындырды" деген оқырмандарға жауап берді.

Блогер "полицейлердің ізіне түсуші" бұрыннан кетуді жоспарлағанын айтты. Автор пікірінше, тұтқындалу оған блогингтен кетуге "иә" немесе "жоқтың" бірін таңдауға уақыт берді.

Руслан Жанпейісовтің кетуіне қаржы мәселесі себепкер дейді әріптесі. Оның сөзінше, бір жылға жуық уақыт Жанпейісов YouTube желісіне видео жүктемейді. Себебі, монетизациялау роликтерді өндіру шығындарын өтеуге мүмкіндік бермейді. Кейіннен Руслан платформасын өзгертіп, видеоларды Instagram желісіне жүктей бастаған, бірақ онда да өз еңбегін қаржылай реттей алмаған.

Блогердің пікірінше, роликтердің әлеуметтік бағыты жарнама берушілерді үрейлендіреді. Ал тек қызығушылықпен видео түсіруге күші қалған жоқ, оның үстіне жанұясын асырау үшін үйіне ақша апару қажет дейді блогердің әріптесі.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Айта кетейік, осыған дейін Руслан Жанпейісов өзінің кететінін айтып, мәлімдеме жасаған еді. Ол 7 жыл бойы полицейлердің қателіктерін көрсететін контент жасағанын, полицияны оң бағытқа бұру үшін қызмет еткенін айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Полицейлер тұтқында болған Руслан Жанпейісовтің "сағын сындырғаны" рас па