Выйти
RU

"Күйеуіммен түнгі ауысымға шыққан": Қаза тапқан полицейдің жары күдікті жайлы шындығын айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

25 мамыр күні Алматыдағы блок-бекетте жол апатынан қайтыс болған полицей Дастан Әбдіқановтың әйелі марқұм жарының арын аяққа таптамай, тергеуді әділ өткізуді сұрап отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Instagram желісіндегі ztb_kz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"лі полицей": Алматыда көз жұмған полицейдің жары күдіктінің

Коллаж: KAZ.NUR.KZ. Фото: Instagram/ dinaraaman.k, ztb_kz

"Кінәлі азамат полицияда жұмыс істемейді деген өтірік. Ол - органның қазіргі қызметкері. Менің күйеуіммен бірге талай рет түнгі ауысымға шыққан. Түнде оларға өзім тамақ істеп беретінмін. Күйеуімнің әріптестерінің барлығын жақсы танимын.
Шындықты айтыңыздар! Отбасын асыраушы азаматты өлтірген қаскөйді қорғамаңыздар! Марқұмдардың, біздің сүйіктілеріміздің арын аяққа таптамаңыздар!",- деді Дастан Әбдіқановтың жары.
"Күйеуіммен түнгі ауысымға шыққан": Қаза тапқан полицейдің жары күдікті туралы шындығын айтты

Скриншот: Instagram

Айта кетейік, күні кеше Алматы полиция департаменті жантүршігерлік жол апатына күдікті - полиция қызметкері деген ақпаратты жоққа шығарған еді.

Ал бүгін жол апатына кінәлі азаматтың бұрын құқық қорғау органдарында қызмет еткенін растады. Департамент күдіктінің осыған дейін өз қызметіне салғырт қарағаны үшін жұмыстан қуылғанын мәлімдеді.

Қос полиция қызметкерінің өмірін жалмаған жол апаты 25 мамырда таңғы сағат 5.30-да Көксай ауылындағы блок-бекетте болған еді.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында полиция аға лейтенанты Жалғас Жанғазиев қайтыс болса, оның әріптесі, полиция сержанты Дастан Әбдіқанов ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, сол жерде есін жимастан көз жұмған болатын.

Қазір үшінші полицей жансақтау бөлімінде жатыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Күйеуіммен түнгі ауысымға шыққан": Қаза тапқан полицейдің жары күдікті жайлы шындығын айтты