Выйти
RU

Блок-бекеттегі полицейлер өлімі: Бақылау камерасындағы суреттер пайда болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Желіде кеше Алматыда орын алған жантүршігерлік жол апатының суреттері жарияланды. Автордың пайымдауынша, фотолар екі полицей қаза тапқан №4 блок-бекеттегі бейнебақылау камераларынан алынған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com/Chamcharkhan

Фото: facebook.com/Chamcharkhan

Оқиға орнының суреттері Шамшархан Өмірзақов есімді азамат өзінің Facebook парақшасында жариялаған.

Ол фотолар кешегі жантүршігерлік жол апаты орын алған жерде жасалғанын жеткізді. Ер адамның сөзінше, кадрлар "Сергек" камераларының кадрлары болып табылады.

Фото: facebook.com/Chamcharkhan

Фото: facebook.com/Chamcharkhan

Суреттерден қирап қалған BMW маркалы автокөлікті эвакуаторға тиеп жатқанын көруге болады. Оған қоса, басқа кадрларда бір топ полицейдің бетон блоктарының қасында жиналып тұрғаны көрініс тапты.

Еске сала кетейік, екі полиция қызметкерінің өмірін жалмаған жол апаты 25 мамырда таңғы сағат 5.30-да Көксай ауылындағы блок-бекетте болған еді.

Алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында полиция аға лейтенанты Жалғас Жанғазиев қайтыс болса, оның әріптесі полиция сержанты Дастан Әбдіқанов ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, сол жерде есін жимастан көз жұмды.

Оған қоса, жол апатына тап болған үшінші полицей жансақтау бөлімінде жатыр.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Жантүршігерлік жол апатына кінәлі азаматтың полиция қызметкері болғаны анықталды. Ол құқыққорғау органдарынан қызметтік міндеттеріне салғырттық танытқаны үшін шығарылған. 1994 жылғы ер адам алты жыл бойы тәртіп сақшысы болып жұмыс істеген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Блок-бекеттегі полицейлер өлімі: Бақылау камерасындағы суреттер пайда болды