Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында суретке түсу үшін вагонның үстіне шыққан жас жігіт күйіп қалды

Опубликовано:

Жамбыл облысы Шу қаласының 20 жастағы тұрғыны суретке түсу үшін пойыздың вагон-цистернасына шығамын деп, қатты күйіп қалған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Суретке түсу үшін пойыздың үстіне мінген жас жігіт күйіп қалды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
"24 мамыр күні кешкі сағат 20:30-да жас жігіт суретке түсу үшін Шу станциясы паркінің электрлендірілген жолында тұрған жүк пойызының құрамына кіретін вагон-цистернаға шығып, жоғары вольтты сымға түсіп қалған. Салдарынан ол 50 пайыз дене және аяқ-қолының І-ІІ-ІІІ дәрежелі электротермиялық күйігін алған", - деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.

Бұл факт сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 344-бабы 1-бөлімі (Теміржол көлігімен жүру қауіпсіздігі ережелерін бұзу) бойынша тіркелген.

Оқиғаға қатысты тексеріс жүргізілуде.

Еске сала кетейік, өткен жылы желтоқсан айында Ақтөбеде пойыздың фонында селфи жасаған арудың қайтыс болғаны хабарланған еді. Марқұм қызды пойыз қағып кеткен.

Қайғылы жайттан кейін полиция департаменті жаяу жүргіншілерді теміржол маңында, автожолдарда сақ болуды ескерткен болатын.

Сонымен қатар таяуда Түркияда қзақстандық арудың қайтыс болғаны белгілі болды.

Анықталғандай бойжеткен сарқыраманың жанында тұрып суретке түспек болғанда аяғы тайып кеткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857501-zambyl-oblysynda-suretke-tsu-sin-pojyz-vagonyny-stine-mingen-zas-zigit-kjip-kaldy/

pixel