Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында бір жанұяның төрт мүшесінен коронавирус табылды

Опубликовано:

Өткен тәулікте Жамбыл облысында коронавирус инфекциясының 51 жағдайы тіркелді. COVID-19 инфекциясын жұқтырған жаңа пациенттер жайлы мәлімет пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Жамбыл облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысында бір жанұяның төрт мүшесінен коронавирус табылды
Көрнекі фото: hightech.fm: Instagram

Ведомствоның мәліметінше, 25 мамырда коронавирус анықталған 51 адамның 49-ы Тараз қаласынан. Олардың 48-і бұрын вирус жұқтырғандармен байланыста болғандар.

COVID-19 инфекциясы анықталған тағы бір адам 69 жастағы қала тұрғыны. Ол ЖРВИ белгілерімен жұқпалы стационарға жатқызылған.

Сонымен қатар, Т.Рысқұлов ауданында коронавирус жұқтырған екі адам белгілі болды. Олар 1991 жылы туған ер азамат пен 1993 жылы туған жүкті келіншек. Екеуі де бұрын ауырған пациентпен байланыста болған тұлға ретінде оқшауланған.

Айта кетейік, COVID-19 инфекциясы анықталған 51 жаңа пациенттің қатарында 1 жастан 12 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған алты бала мен бір отбасының төрт мүшесі де бар. Олар бұған дейін вирус жұқтырған туысымен байланыста болған.

Қазіргі таңда барлық пациенттер жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді, олармен байланыста болған тұлғалар анықталып, карантинге алынған. Вирус ошақтарында дезинфекциялық өңдеу шаралары жүргізілген.

Жалпы 25 мамырындағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 8969-ға жеткен. Олардың 343-і осы Жамбыл облысынан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857507-zambyl-oblysynda-bir-zanany-trt-msesinen-koronavirus-tabyldy/

pixel