Выйти
RU

Қорғаныс министрлігінің полковнигі жауапқа тартылып, шенінен айырылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Батыс Қазақстан облысында Қорғаныс министрлігінің полковнигі 200 мың теңге пара алғаны үшін сотталды. Бұл ақшаға ол қол астында жұмыс істейтін қызметкерді ауданнан Орал қаласына қызметке ауыстыруға уәде берген. Сот оған 4 миллион 875 мың теңге айыппұл салды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақтөбе гарнизоны әскери сотының үкіміне сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігінің полковнигі жауапқа тартылып, шенінен айырылды

Жедел түсірілім кадрлары

Ақтөбе гарнизонының әскери сотында сыбайлас жемқорлық ісі қаралды.

Орал қаласының тұрғыны Марат Есенов Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі басқармасын басқарып, полковник шеніне дейін жоғарылаған. Бірде қол астындағы әскеридің әйелі оған күйеуін Бәйтерек ауданынан Оралға ауыстыру туралы өтінішпен жүгінеді.

Біраз уақыттан кейін Есенов бұл үшін әйелден 1000 доллар сұраған, ал күйеуімен сөйлесу кезінде олар 200 мың теңгеге келісіпті.

Өз кезегінде Оралға көшуге ниеттенген әскери мен оның жұбайы бөлім бастығының заңсыз ұсынысы туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке айтқан. Пара алған соң, полковник ұсталып, қамауға алынған.

Марат Есенов 106 күн қамауда болды. Ол прокурормен кінәсін мойындау туралы процессуалдық келісімге келген.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

20 мамырда Ақтөбе гарнизонының әскери соты қамауда болған уақытты ескере отырып, Есеновке 4 миллион 875 мың теңге айыппұл салған.

Сонымен қатар ол полковник шенінен айырылып, оған бұдан былай мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ресейде кеден қызметкеріне пара берген Қазақстан азаматы қамауға алынғаны туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қорғаныс министрлігінің полковнигі жауапқа тартылып, шенінен айырылды