Жетісайда қарбыз пісті (фото)
Жарияланған күні:
Түркістан облысында қарбыз пісті. Өнімнің алғашқы бөлігі Ресей еліне жіберілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркістан облысы Жетісай ауданына қарасты Мақталы ауылдық округіндегі Тың ауылының диқаны Бекжігіт Мүйтенбаев өз иелігіндегі 1 гектар алқапқа қарбыз еккен.
Айтуынша, ауа райының қолайсыздығы өнімге зиян келтіре ме деп уайымдаған.
Дегенмен ерте көктемде егілген өнімі пісіп, диқан оның 25 тоннасын Ресей еліне жөнелткен.
"Наурыз айының басында қарбыздың 70 күнде пісетін "Долбый" атты сортын екі қабат пленка астына ектім. Ауа райы қолайсыз болған кездерде, өнім далада қалады ма деп қатты уайымдадым. Өздеріңіз көріп отырғандай барлығы ойдағыдай болды. Өнім жерде қалған жоқ. Бағасы да көңілімнен шықты", – дейді Бекжігіт Мүйтенбаев.
Жетісай ауданында тағы 45 тонна қарбыз бен 11 гектар аумақта қауын пісіп тұр.
"Жетісай ауданына бойынша ауылшаруашылығы мақсатында 78 500 гектар аумаққа егіс егіледі. Соның 10 636 гектарына пленка астындағы қауын, ал 2 819 гектарға пленка астындағы қарбыз егілген", – деп мәлімдеді Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен 1308 отбасы бір мың доллар өтемақы алып үлгерді.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857518-zetisajda-karbyz-pisti-foto/