RU

Ердоған Назарбаевқа телефон соқты

Ердоған Назарбаевқа телефон шалды
Фото: UGC

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында тараптар бірін-бірі Ораза айт мерекесімен құттықтап, зор денсаулық пен толағай табыс, ал бауырлас Қазақстан мен Түркия халықтарына бақ-береке тілеген.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайип Ердоған әлемдегі коронавирус пандемиясы жағдайын талқылап, бұл жаһандық дағдарысты сәтті еңсеру үшін халықаралық күш-жігерді біріктіруді қолдаған.

Әңгіме соңында тараптар екі мемлекет арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және кеңейтуге өзара қызығушылық білдірген.

Телефон арқылы сөйлесуге Түркия тарапы бастамашы болған.

Еске сала кетсек, кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлескен еді.

Әңгімелесу барысында қос ел президенті бір-бірін Ораза айт мерекесімен құттықтап, бауырлас қазақ-түрік халықтарына бақ-береке тілеген болатын.

Әңгіме соңында мемлекет басшысы Ердоғанды Қазақстанға сапармен келуге шақырған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1857527-erdogan-nazarbaevka-telefon-sokty.html