RU

Нұр-Сұлтанда карантинді бұзғаны үшін ірі нысандар жабылуы мүмкін

Нұр-Сұлтан әкімі орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында карантин тәртібін бұзғаны үшін елордададғы сауда-ойын сауық орталықтары мен адам көп шоғырланатын өзге де ірі нысандардың жабылуы мүмкін екенін ескертті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Алтай Көлгіновтың айтуынша, ТЖ режимі алынып, Нұр-Сұлтандағы көптеген орындар ашылғаннан кейін 30-ға жуық нысанды қайта жабуға тура келген – рейд жүргізу барысында компаниялар мен ұйымдардың карантин тәртібін бұзғаны анықталған.

Олардың бір бөлігіне айыппұл салынып, ереже бұзушылықтар жойылғанға дейін жабылған.

Сондай-ақ елордада адам көп шоғырланған ірі нысандарда инфекция жұқтырғандар да анықталды – бірнеше нысанда мыңға жуық адам тексерілген. Олардың ішінде 80 адамнан вирус анықталып отыр. Кәсіпорындар карантинге жабылған.

"Біз жағдайды қатаң бақылауды және жауапкершілікке тартуды жалғастырамыз. Біздің ондай шараларды қабылдауға ниетіміз жоқ, алайда, талаптар сақталмаса, солай жасауға тура келеді", – деп мәлімдеді қала басшысы.

Сондай-ақ Көлгінов қаладағы автобустарда да карантин тәртібінің сақталмауы байқалып жатқанын тілге тиек етті. Ондай жағдайлардың алдын алу үшін арнайы тексерушілер бекітілген.

Нұр-Сұлтан әкімі әр адамның соңынан тексеруші бекіту мүмкін емес екенін айтып, сондықтан да астаналықтардан өздері мен қоршаған адамдардың қауіпсіздігі үшін маска тағып, әлеуметтік ара қашықтықты сақтауды сұрады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов пен оңтүстік астананың санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қалада карантин қашан аяқталуы мүмкін екенін айтқан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1857565-nr-sltanda-karantindi-bzgany-sin-iri-nysandar-zabyluy-mmkin.html