RU

"Қатаң карантинге оралуға мәжбүр боламыз": Есмағамбетова коронавирусқа күмәнмен қарайтындарға жауап берді

Бүгін елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасында "Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды" айдарында коронавирус айналасындағы жағдайға сенбейтіндерге жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қатаң карантинге оралуға мәжбүр боламыз: Есмағамбетова коронавирусқа күмәнмен қарайтындарға жауап берді
Фото: NUR.KZ: Depositphotos
"Кейбір қазақстандықтар коронавирус статистикасына күмәнмен қарайды, олардың ойынша, айтарлықтай қауіп жоқ. Бұған не дейсіз?" – деп БАҚ өкілдері бас санитарлық дәрігерден сұрады.

Жауап ретінде Айжан Есмағамбетова статистика бойынша мысал келтірді – 215 ел зардап шекті, пандемия жарияланды, 5,5 миллионнан астам адам инфекция жұқтырды, 350 мың адам жаңа вирустың құрбаны болды.

Сонымен қатар оның айтуынша, Қазақстандағы эпидемиялогиялық жағдайдың тұрақтылығы әлемнің басқа елдеріне қарағанда вирус елімізге кейінірек келгенімен байланысты. Осылайша, отандық ақ халаттылардың тыңғылықты дайындалуға уақыты болған.

"Президент төтенше жағдайды уақытылы жариялады, біз жұмысқа бармадық, елдегі тіршілік тоқтап қалды, бұл өлім-жітім мен аурудың шырқау шегінің алдын алуға мүмкіндік берді", – дейді Есмағамбетова.

Маманның сөзінше, жағдайдың тұрақталғаны коронавирус жойылғанын, инфекцияның жоғын білдірмейді, бұл карантинді сақтамауға болады деген сөз емес.

"Егер біз карантиндік шараларды сақтамасақ, бұл аурудың күрт көбеюіне әкелуі мүмкін. Егер өсім қарқын алса, онда қатаң карантинге оралуға мәжбүр боламыз", – деп толықтырды ол.

Сөз соңында Айжан Есмағамбетова қазақстандықтарға коронавирусқа атүсті қарамай қарапайым гигиена ережелерін және әлеуметтік қашықтық қағидасын сақтау қажеттігін айтты.

Оның сөзінше, бұл аурудың өсуіне жол бермейді.

Еске салсақ, бұған дейін Есмағамбетова әуе, темір жол қозғалысы ашылса да, блок-бекеттердің неге алынбағанын түсіндірген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1857571-kata-karantinge-oraluga-mzbr-bolamyz-esmagambetova-koronaviruska-kmnmen-karajtyndarga-zauap-berdi.html