RU

Әкімдерге карантиннің сақталуын бақылауды күшейту тапсырылды

Бүгін, 26 мамыр күні премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен коронавирус инфекциясының пайда болуына және таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Оның барысында ел тұрғындарының бекітілген карантиндік режимді қатаң сақтауды бақылауға алу мәселесі қаралды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz: UGC
«Біршама өңірлерде ауруды жұқтыру саны көбейіп отыр, бұл тікелей карантиндік талаптардың орындалмауына байланысты. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай өңірлер санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын бақылауды ұйымдастырып, оларды орындамаған азаматтарға, мекемелерге, өндіріс объектілері мен кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тиісті шаралар қабылдауы керек», - деді Е. Тоғжанов.

Осыған орай, комиссия өңір әкімдіктері мен мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді:

  • еңбек ұжымдарында әлеуметтік қарым-қатынастың деңгейін барынша төмендету (қызметкерлердің  50% қолдану);
  • жұмыс күні барысында бетперде тағу және уақтылы ауыстыруды бақылауда ұстауды ұйымдастыру;
  • әлеуметтік ара қашықтықты сақтау мүмкіндігін жасау;
  • қоғамдық көлікке жолаушылардың тек арнайы отыру орындарына сәйкес және міндетті түрде маскасы бар болған жағдайда ғана мінуін қамтамасыз ету;
  • қорғаныс, ішкі істер қызметкерлерінің қатысуымен қоғамдық және өндіріс орындарын, мекемелер мен объектілерді дезинфекциялау шараларын күшейту. 

Берілген тапсырмалардың орындалуы үкімет тарапынан тұрақты бақылауға алынады. 

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1857582-kimderge-karantinni-saktaluyn-bakylaudy-ksejtu-tapsyryldy.html