RU

Сот Bek Air әуекомпаниясының мүлкін тәркіледі

Bek Air әуекомпаниясының мүлкі тәркіленді. Бұл шешімді Алматының Түрксіб аудандық соты қабылдады. Аталмыш шаралар билет сатып алған жолаушыларға ақшаларын қайтару үшін қажет болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орны. Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Оқиға орны. Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: UGC

Сот қаулысы Сот кабинетінде жарияланды. Айта кетейік, қазіргі таңда сайт жоспардан тыс техникалық жұмыстар жүргізіліп жатқандықтан істемей тұр.

Ақшаларды қайтару жөніндегі іс бойынша сот үрдісі сәуір айында басталған болатын. Сот отырысы видеобайланыс арқылы өтті.

Бұл істе арыз беруші ретінде тұтынушылар құқығын қорғау комитеті шықты. Жалпы алғанда, ведомство 560 азаматтың атынан сөйледі. Олардың барлығы - BekAir әуекомпаниясының клиенттері. Олар жалпы соммасы 37 млн теңге болған 1070 билет сатып алған.

Бұған дейін Bek Air компаниясы қазақстандықтарға 300 млн теңгеге жуық қаржыны қайтарғанын хабарлаған болатын. Ол кезде әуекомпаниясы өз жұмысын тоқтатқан еді. Себебі, оларды эксплуатант пен әуе кемелерінің ұшу жарамдығы сертификаттарынан айырған болатын.

Еске сала кетейік, өткен жылдың 27 желтоқсанында Алматы маңында Bek Air ұшақ құлады. Әуе кемесі бетон құрылысқа соғылып, екіге бөлініп қалған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1857585-sot-bek-air-uekompaniasyny-mlkin-trkiledi.html