RU

Кадыров COVID-19 жұқтырғаны жайлы хабардан соң алғаш рет ел алдына шықты

Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров өзінің COVID-19 жұқтырып,мәскеулік ауруханаға жатқызылғаны жайлы ақпараттардан кейін алғаш рет ел алдына шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Рамзан Кадыров. Фото: telegram/RKadyrov_95
Рамзан Кадыров. Фото: telegram/RKadyrov_95: Getty Images

Республика басшысының Telegram-арнасында жедел штаб отырысында жасалған сурет жарияланды. Онда Рамзан Кадыров бой көрсеткен.

Оған республикадағы қазіргі жағдай туралы баяндалды. Кадыровтың сөзінше, коронавирус пандемиясы аясында Шешенстан ауруханалары мен экономика саласындағы ахуал тұрақты..

Еске сала кетейік, саясаткердің ауруханаға түскені жайлы жаңалықтар 21 мамыр күні пайда болды. БАҚ өкікдері Шешенстандағы ресми дереккөздердің пікірін сұрағанымен, толықтай мәлімет ала алмады.

Ресейлік БАҚ бұған дейін Мәскеудегі емханаға жеткізілген Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтан аса ауыр формадағы коронавирус инфекциясы анықталғанын жазған еді.

Дәрігерлер Қадыровтың ағзасындағы инфекцияның белсенділігі соңғы екі-үш аптада артқанын мәлімдеген.

Шешенстан басшысы коронавирусты үш апта бұрын Эпендиев атындағы ауруханаға барғанннан кейін жұқтырған болуы мүмкін деген болжам бар. Ол кезде Қадыров COVID-19 вирусынан емделіп жатқан Урус-Мартанов ауданының басшысы Валид Абдурешидовтың қалын сұрауға барған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1857589-kadyrov-covid-19-zktyrgany-zajly-habardan-so-algas-ret-el-aldyna-sykty.html