RU

Қазақстанда коронавирустан тағы екі адам көз жұмды

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы екі адам қайтыс болды. COVID-19 салдарынан болған өлім деректері Нұр-Сұлтан қаласы мен Қостанай облысында тіркелген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: sm-news.ru
Көрнекі сурет: sm-news.ru: UGC

Коронавирус инфекциясы салдарынан болған өлімнің бір оқиғасы елордада тіркелген. Қауіпті індет 69 жастағы ер адамның өмірін қыршынынан қиған. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында COVID-19 вирусынан алты адам көз жұмған.

Екінші өлім оқиғасы Қостанай облысында орын алды. Жергілікті ауруханада 55 жастағы әйел қайтыс болды. Бұл өңірде коронавирустан осымен екінші адам көз жұмды.

Нәтижесінде Қазақстанда пандемия басынан бері қауіпті инфекция салдарынан 37 өлім жағдайы тіркелген.

Айта кетейік, кеше 25 мамырда коронавирус жұқтырудың 438 дерегі анықталып, пандемия басынан бері антирекорд орнатылды. Осылайша, Қазақстан аумағында COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың саны 8969-ға жетті.

Дәрігерлер қауіпті инфекция жұқтырған 4613 науқасты емдеп шығарды. Олар індеттен толығымен айығып, үйлеріне оралды. Жазылғандар саны бойынша Алматы көш басында тұр. Оңтүстік астанада 1286 адам жазылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1857597-kazakstanda-koronavirustan-tagy-eki-adam-kz-zmdy.html