Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде жоғалған 16 жастағы жасөспірім қыз табылды

Опубликовано:

Ақтөбеде іздеу салынған 16 жастағы жасөспірім қыз аман-есен табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Басылымның мәліметінше, ақтөбелік құзырлы орган өкілдерінің жедел-іздестіру шарасының нәтижесінде із-түзсіз жоғалған 16 жастағы жасөспірім 26 мамыр күні табылған.

Ол ата-анасына қайтарылған. Оның осы уақыт аралығында қайда болғаны айтылмады.

Еске сала кетейік, бұған дейін ақтөбелік полицейлердің бір тәуліктен бері хабарсыз кеткен 16 жастағы аруды іздестіріп жатқанын хабарлаған едік.

Белгілі болғандай жасөспірім 25 мамыр күні сағат 11:00-де отбасылық жанжалдан кейін үйден кетіп, қайта оралмаған. Бұған алаңдаған жақындары полицияға хабар беріп, көмек сұраған.

Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай Ақтауда да болған еді. Ол кезде жасөспірім қыз кешкі 18:00 шамасында үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Жақындары қыздарының көрші аулада серуендеп жүргенін, кейін құрбыларына қайырлы түн тілеп, үйге қайтқанын, алайда келмегенін айтқан болатын.

Дегенмен ертесіне оқушы аман-есен табылып, полиция қызметкерлері оны туыстарына қайтарды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857610-aktbede-zogalgan-16-zastagy-zasspirim-kyz-tabyldy/

pixel