RU

Ресейде мысықтан коронавирус табылды

Мәскеудегі ветеринарлық клиникада тексерістен кейін бес жасар мысық COVID-19 тестілеуге жіберілді. Нәтижесінде талдау оң нәтиже көрсетіп, үй жануары иесінің тұрғылықты мекенжайы бойынша карантинге алынған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РБК-ға сілтеме жасап.

Ресейде мысықтан коронавирус табылды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Зерттеушілер бес жастағы мысықтан жаңа коронавирус инфекциясын анықтады. Бұл туралы журналистерге Ресей федерациясы ветеринар және фитосанитарлық бақылау бойынша федералдық басшысының орынбасары Николай Власов хабарлады.

Власовтың айтуынша, иесі жануарды Мәскеудің ветеринарлық клиникаларының біріне апарған.

Тексеруден кейін маман үй жануарын иесімен арнайы орталыққа жібереді. Ол жерде мысықтан COVID-19-ға сынама алынып, тест оң нәтиже көрсетеді.

Осыдан кейін үй жануары иесінің тұрғылықты мекенжайы бойынша карантинге алынған.

Россельхознадзордың қазір коронавирус адамнан адамға жұғатыны мәлім екенін атап өтті. Алайда ДДСҰ мен Дүниежүзілік жануарлардың денсаулығын сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес, вирустың мысықтардан немесе иттерден жұғатынына ешқандай дәлел жоқ.

"Сонымен қатар, вирустың мысықтарда сақталуы мүмкін екендігі туралы толық ғылыми дәлел жоқ, бұл эпидемиологиялық тығырық", – дейді Власов.

Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ-та екі мысықтың ағзасынан коронавирус анықталғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1857615-resejde-mysyktan-koronavirus-tabyldy.html