RU

Белгілі заңгер блок-бекеттегі қылмыс әдейі жасалуы мүмкін екенін айтты

25 мамыр күні Алматы қаласындағы №4 блок-бекетте екі полиция қызметкерінің өмірін қиған жол апаты болды. Осыдан кейін әлеуметтік желіде қайғылы жағдайдың түрлі болжамдары айтылды. Ал белгілі заңгер, адвокат Жангелді Сүлейменовтің күдіктіге қатысты айтар өз уәжі бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

Фото: Facebook/Жангелді Сүлейменов, polisia.kz
Фото: Facebook/Жангелді Сүлейменов, polisia.kz: Instagram
"Менің ойымша, тергеу жұмыстарында бір шикілік бар. Қылмыстық кодекстің 99-бабында, қылмыс белгілі бір мақсатпен жасалуы мүмкін екені қарастырылған. Яғни, күдікті ішімдік ішіп көлікке отырды, өзі соғылған патрульдік көлікте адамдар отырғанын білді деп ойлаймын. Демек, ол қылмысты әдейі жасауы мүмкін немесе істеп жүрген ісіне есеп бермеді", - дейді Жангелді Сүлейменов.

Еске сала кетейік, екі полиция қызметкерінің өмірін жалмаған жол апаты 25 мамырда таңғы сағат 5.30-да Көксай ауылындағы блок-бекетте болған.

BMW көлігінің жүргізушісі, 1992 жылы туған ер адам әуелі бетон қоршауға соғылып, содан кейін полиция қызметкерлерінің көлігіне соқтығысқан. Көлік ішінде қос бірдей полиция қызметкері отырған.

Алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында полиция аға лейтенанты Жалғас Жанғазиев қайтыс болса, оның әріптесі полиция сержанты Дастан Әбдіқанов ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, сол жерде есін жимастан көз жұмған.

Осыдан кейін күдіктіге қатысты әлеуметтік желіде түрлі деректер шықты. Оның тәртіп сақшысы болғандығы да айтылды.

Осыған байланысты Алматы полиция департаменті пікір білдірі, жантүршігерлік жол апатына күдікті - полиция қызметкері деген ақпаратты жоққа шығарды.

Ал кеше құзырлы орган жол апатына кінәлі азаматтың бұрын құқық қорғау органдарында қызмет еткенін растады. Департамент күдіктінің осыған дейін өз қызметіне салғырт қарағаны үшін жұмыстан қуылғанын мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1857627-belgili-zager-blok-bekettegi-kylmys-deji-zasaluy-mmkin.html