Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық банк алғаш рет «Корти Милли» тәжік карталарын толықтыруды іске қосты

Опубликовано:

«Корти Милли» ұлттық төлем жүйесінің карталары Тәжікстанда өте кең таралған. Елдегі барлық дерлік банктер осы төлем жүйесіне қосылған. Тәжікстан Қазақстаннан жиі ақша аударылатын елдердің бестігіне кіреді.

Қазақстандық банк алғаш рет «Корти Милли» тәжік карталарын толықтыруды іске қосты

Еуразиялық банк Қазақстанда алғаш рет WOOPPAY қаржы технологиясы компаниясымен бірлесе отырып, Тәжікстанда шығарылған «Корти Милли» карталарын толықтыруды іске қосты. Осылайша, Еуразиялық банк және оның Smartbank қосымшасы арқылы Тәжікстанға лезде ақша аударуға болады, аударымға комиссия ұсталмайды, сома айырбастау бағамы бойынша толығымен аударылады.

Бұл қызмет түрін пайдалану үшін жаңа клиенттер Еуразиялық банктен ағымдағы шот немесе тегін түрде – Visa/Mastercard төлем картасын ашуы қажет. Картаны банк терминалдары мен бөлімшелері арқылы немесе «Касса 24» терминалдары арқылы, сондай-ақ Smartbank қосымшасында немесе pay.smartbank.kz сайтынан картадан картаға аудару арқылы толықтыруға болады.

Еуразиялық банктің бұрыннан келе жатқан клиенттері «Корти Милли» картасын былай толықтыра алады:

1. Smartbank қосымшасын ашу.

2. «Төлемдерге» өту.

3. «Электронды әмияндарды», одан әрі «Корти Милли» Тәжікстан картасын толықтыруды» таңдау.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1857629-kazakstandyk-bank-algas-ret-korti-milli-tzik-kartalaryn-tolyktyrudy-iske-kosty/

pixel