RU

БҚО-да түрмеге жеткізілген ыстық картоптың ішінен телефон шықты (фото)

Батыс Қазақстан облысы түрмеге әкелінген ыстық картоптың ішіне телефон табылды. Әйел адам ұялы телефонды сәлемдеме арқылы өткізбек болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ыстық картоп ішінен телефон табылды
Фото: polisia.kz: UGC

Басылымның жазуынша, РУ-170/1 мекемесіндегі қабылдау және кездесу бөлмесінің қызметкерлері айыпталушылар мен сотталғандардың сәлемдемесін тексеру барысында бес литрлік пластикалық бөтелкенің ішіндегі ыстық картоптың арасынан күдікті затты байқаған.

Белгілі болғандай бұл жоспарлы түрде ойластырылған екен. Яғни дайын тамақтың ішіне сары скотчқа бірнеше рет оралағн "Inoi" маркалы ұялы телефоны салынған. Қазіргі уақытта телефон тәркіленді.

Сәлемдеме жолдаған әйел адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабының 1-тармағы (қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) бойынша әкімшілік іс қозғалып, құжаттар қалалық әкімшілік сотқа жөнелтілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы қаласында түрмелердің біріне есірткіні палаудың ішіне салып өткізбек болған 24 жастағы жігіттің ұсталғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1857660-bko-da-trmege-zetkizilgen-ystyk-kartopty-isinen-telefon-sykkan-foto.html