RU

Президент ЖОО оқытушыларының жалақысын көтермекші

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке ЖОО оқытушыларының жалақасын көтеру мәселесін қарастыруды тапсырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Президент ЖОО оқытушыларының жалақысын көтеруді тапсырды
Фото: Ақорда: Twitter
"Менің ойымша, бүгінде қоғам мұғалімдердің еңбегі қаншалықты маңызды екенін түсінді. Біз педагогтар мәртебесі туралы заң аясында мұғалімдерді ынталандыру шараларын қарастырдық, бірақ іс жүзінде жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы мектеп мұғалімдерінің жалақысынан төмен болды",- деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында.

Осыған байланысты мемлекет басшысы үкіметке ЖОО оқытушыларының жалақысын көбейту мәселесін қарастыруды тапсырды.

Ал бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев педагогардың қоғамдағы беделін арттыру туралы айтқан.

"Педагог мәртебесін қорғау керек. Оларды қоғамдағы ең беделді тұлғаларға айналдыру қажет. Біз арнайы медаль дайындаймыз, ол педагог еңбегіне арналған мемлекеттік награда болады" ,- деген еді президент.

Айта кетейік, бүгінгі жиында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев педагогика мамандықтары бойынша стипендияны көтеруді тапсырды.

"Педагогика мамандықтарының мәртебесін көтеру үшін болашақ педагогтардың стипендиясын 26 000 теңгеден 42 000 теңгеге дейін арттыру қажет", - деді мемлекет басшысы.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1857699-prezident-zoo-okytusylaryny-zalakysyn-ktermeksi.html