RU

Қазақстанда бас санитар дәрігердің өкілеттігі артады

Қазақстан президенті Ұлттық қоғамдық сенімнің үшінші отырысында Қазақстан бас санитар дәрігерінің өкілеттігін кеңейтіп, мәртебесін көтеру қажеттігін айтты. Жиын Facebook желісіндегі AkordaPress парақшасында онлайн көрсетілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда бас санитар дәрігердің өкілеті артады
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Коронавирус инфекциясының таралуына қатысты елдің ұлттық қауіпсіздігі жайлы сөз еткен президент тиянақсыз реформалар салдарынан санэпидбақылау мен инфекция бақылау жүйесі әлсірегенін мәлімдеді.

Президент СЭҚ тексерілген моделіне оралуды ұсынды. Ол елде жаңа комитет құрыла бастағанын айтты.

Сондай-ақ, Қазақстанда бас мемлекеттік санитар дәрігердің өкілеті кеңейетін болды.

Айта кетейік, қазір бұл қызметті Айжан Есмағамбетова атқарып жатыр. Ол аталған лауызымды коронавирус пандемиясы басталған уақытта иеленді.

"Бұл реформаны өмірдің өзі көрсетіп тұр",- деді Тоқаев.

Қазақстанда биологиялық қауіпсіздік пен СЭҚ саласында кадрлар дайындау жүйесі қайта қарастырылады және мамандарды әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар қабылданады.

Одан бөлек, мемлекет басшысы елде коронавирустың қайта өршуі мүмкін екенін айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1857709-kazakstanda-bas-sanitar-drigerdi-kilettigi-artady.html