RU

Коронавирус: Иран билігі қауіпті инфекцияның екінші толқынына дайындалуда

Иран билігі COVID-19 инфекциясының екінші толқынына дайындалып жатыр. Бұл туралы ел президенті Хасан Роухани парламенттің 11-шақырылымының ашылу рәсімінде мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: aljazeera.com
Фото: aljazeera.com: Facebook

Мемлекеттің болжамынша, коронавирус инфекциясының екінші толқыны күзде болуы мүмкін.

"Біз коронавирустың болуы мүмкін екінші толқынына дайындық бойынша барлық мүмкіндіктерді іске қостық", – деді президент.

Сондай-ақ, ол Иранның коронавирустың таралуын ауыздықтауға жақын қалғанын атап өтті.

Роуханидің айтуынша, мемлекет аурудың шарықтау шегінен өтті, алайда, пандемияның аяқталуы туралы айту әзірге ерте. Ол жыл соңына дейн инфекцияның таралуы тежелмеуі мүмкін екенін, сол жағдайға дайын болу керектігін жеткізді.

Қазіргі уақытта Иранда коронавирус жұқтырудың 139,5 мың дерегі тіркелген. 109,4 мың адам аурудан жазылып шықты, 7,5 мың науқас көз жұмды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық сенімнің Ұлттың кеңес отырысында елде коронавирустың қайта өршуі мүмкін екенін мәлімдеп, ондай жағдайға дайын болу керектігімізді атап өткен еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1857710-koronavirus-iran-biligi-kauipti-infekciany-ekinsi-tolkynyna-dajyndaluda.html