RU

"Тектіден текті туады": Желіде Бейсен Құранбектің әкесінің видеосы жарияланды

Instagram желісінде белгілі журналист Бейсен Құранбектің әкесі бой көрсеткен әсерлі видео тарап кетті. Белгілі болғандай, бейнежазба телевизия жұлдызының жаназасында түсірілген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Видеода қайғыдан қан жұтқан қарияның ұлын ақтық сапарға шығарып салуға келген көпшілікке алғыс айтып жатқанын көруге болады.

Орны толмас қазадан соң ет жүрегі езілген әке баласының жаназасында өз-өзін әрең ұстаған.

"Бірлік болсын. Әбден рахмет айтамын. Алланың нұры жаусын" - деді Абай мырза.

Бейсен Құранбектің әкесінің әсерлі видеосы көптеген желі қолданушыларын жылатты. Олар біртуар ұлынан айырылған қарияға басу айтып, оны барынша жұбатуға тырысқан.

"Мықты болыңыз аға. Балаңыздың жатқан жері жайлы болсын" , "Мойымаңыз аға. Көпке үлгі болған перзент тәрбиледіңіз. Жаны жәннатта болсын" , "Алла сабыр берсін" , "Тектілік деп осыны айт. Өзегі өртеніп жатса да, ел алдына шығып алғыс айтып тұр" , "Ата сізге де күш берсін жаратушым. Бәріміз де қимаймыз" , - деп жазуда көпшілік.

Еске сала кетейік, кеше 18 мамыр күні танымал журналист Бейсен Құранбек 49 жасына қараған шағында қайтыс болды.

Кеше, 19 мамыр күні Талдықорған қаласындағы "Журналистер үйінде" Бейсен Құранбекпен қоштасу рәсімі өтті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1857729-tektiden-tekti-tuady-zelide-bejsen-kranbekti-kesini-videosy-zarialandy.html