Выйти
RU

"Төбелесіп те жүрдік": Тәуекел Мүсілім мен Қайрат Нұртас сыныптас болып шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгінде отандық шоу-бизнесте аттары дүркіреп тұрған Қайрат Нұртас пен Тәуекел Мүсілім бір сыныпта оқыған болып шықты. Өнер саласының серілері мектеп қабырғасында қандай болғанын KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Фото: Instagram/mussilim/kair_n. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/mussilim/kair_n. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Тәуекел Мүсілім жұлдызды сыныптасы Қайрат Нұртас туралы бар шындықты айтып берді. Ол қазіргі таңда қазақ эстрадасының хитмені сабақты қалай оқығанымен "Ревю" бағдарламасында бөлісті.

"Қайрат ән айтып жүрген кезде мен оны аса бір әнші ретінде қабылдамайтынмын. Жақсы оқыды деп айтпаймын. Әйтеуір орта деңгейдегі оқушы болды. Арасында төбелесіп те жүрдік. Бұзық та болатынбыз" , - деді актер.

Еске сала кетейік, отандық шоу-бизнесте сыныптас болған тағы өнер жұлдыздары бар. "Жігіттер" квартетінің мүшелері Ердос Қанаев пен Еркін Нұржанов бір топта өнер көрсетпес бұрын, бір мектеп қабырғасында 11 жыл бойы бірге оқып, бір партада отырып келген.

Қос әнші 25 мамыр күні өздері түлеп ұшқан білім ошағына барып, ұстаздарымен қауышып қайтты.

Сонымен қатар, Тәуекел Мүсілім осы жылы жазда үйленетінін хабарлады. Талай қыздың арманына айналған актердің үйлену тойы жеті бөлімнен тұрмақ. Дүбірлі шараның қалай өтетіні жайында оның ұйымдастырушылары айтып берді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Төбелесіп те жүрдік": Тәуекел Мүсілім мен Қайрат Нұртас сыныптас болып шықты