RU

Қазақстанда 1 шілдеге дейін сайлау учаскелеріне түгендеу жүргізу тапсырылды

Қазақстан қалалары мен аудандарындағы сайлау учаскелеріне осы жылдың 1 шілдесіне дейін түгендеу жүргізу тапсырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда 1 шілдеге дейін сайлау учаскелеріне түгендеу жүргізу тапсырылды
Фото: NUR.KZ: Depositphotos

Төменде Орталық сайлау комиссиясының "Сайлау учаскелерін түгендеуді жүргізу туралы" қаулысы берілген.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 1) тармақшасына, 10-бабының 5-тармағына, 20-бабының 10-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2020 жылғы 1 шілдеге дейін сайлау учаскелерін түгендеуді жүргізсін.
2. Сайлау учаскелерін түгендеуді жүргізу туралы қоса беріліп отырған ұсынымдар бекітілсін.
3. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астана аумақтық сайлау комиссиялары тиісті әкімдермен бірлесіп:
1) белгіленген мерзімде сайлау учаскелерін түгендеуді ұйымдастыру және жүргізуді қамтамасыз етсін;
2) түгендеудің нәтижелерін қорытсын және қорытынды ақпаратты белгіленген нысандар бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына 2020 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзімде ұсынсын.
4. Осы қаулы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері мен аумақтық сайлау комиссияларына жіберілсін.
5. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.

Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1857840-kazakstanda-1-sildege-dejin-sajlau-ucaskelerine-tgendeu-zrgizu-tapsyryldy.html