RU

Қазақстан президенті Ахметжан Есімовті қабылдады

Кездесу барысында "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов мемлекет басшысына компаниялар тобындағы қазіргі ахуал туралы баяндады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорда-ға сілтеме жасап.

Қазақстан президенті Ахметжан Есімовті қабылдады
Фото: Ақорда: UGC

Ахметжан Есімовтің айтуынша, дағдарыс пен карантин кезеңі басталғалы бері "Самұрық-Қазына" компаниялар тобына қарасты өндіруші кәсіпорындарда жұмыс орындарын қысқартуға, еңбекақыны кешіктіруге жол берілмеген.  

Қор мен компаниялар тобының қаржылық орнықтылығын күшейту жөніндегі бұған дейін жүргізілген шаралар өткен жылдарда жиналған сыртқы қарызды 8 миллиард долларына азайтуға мүмкіндік берді. Бұл 1 триллион теңге көлемінде қаржы шығынының алдын алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар көлемі 1 миллиард доллары болатын күрделі әрі операциялық шығындар оңтайландырылды.

Қор Қасым-Жомарт Тоқаевтың сатып алу жүйелері арқылы ел экономикасына қолдау көрсету жөніндегі тапсырмаларын орындайды. Биыл жыл басынан бері "Самұрық-Қазына" компаниялар тобы 250 мыңға жуық адам жұмыс істейтін отандық кәсіпорындарға 9 мың тапсырыс берген. Бұдан бөлек қазақстандық кәсіпорындарды қолдау және жаңа өндіріс орындарын ашу бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.

Кездесуде Ахметжан Есімов Қасым-Жомарт Тоқаевқа жекешелендіру бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы есеп берді.

Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1857847-kazakstan-prezidenti-ahmetzan-esimovti-kabyldady.html