Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үй иесінің өліміне қатысты қылмыстық іс: Сотта тотықұс жауап бермекші

Опубликовано:

Аргентинада сот кісі өлтіру ісіне қатысты тотықұстан жауап алу туралы шешім қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Рамблерге сілтеме жасап.

Тотықұс иесінің өліміне қатысты істе сотта жауап береді
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Оқиға Буэнос-Айресте болды. 2018 жылы үш ер адамға бөлме жалға берген 46 жастағы Элизабет Толедо зорланып, аяусыз өлтірілді.

Оның пәтерін жалға алған 51 жастағы Мигель Сатуриньо Ролон және 62 жастағы Хорхе Рауль Альварес осы іске қатысты күдікті деп танылды. Үшінші адам өзінің кінәсіз екенін дәлелдеп шықты.

Толедоның денесі еденнен табылған. Марқұм киімсіз жатыпты, ал оның денесінде көптеген көгертулер болған. Бұл бөлмеде тордағы тотықұс та тұрған.

Полицейлер тотықұс өзінің иесінің соңғы сөздерін анық естіп, есте сақтап қалған деген ойда.

Мұны әйелдің көршісі де растады. Ол құстың үнемі: "Сен мені неге ұрдың" деген сөйлемді қайталай беретінін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін үндістердің жыланды ұлықтайтын "Нагапанчами" мейрамы туралы жазған едік.

Шілде айының соңында Үндістан мен Непалда Нагапанчами мерекесін атап өтеді. Қасиетті Шраван айының бесінші жұлдызында үндістер нагтардың жердегі елшілері саналатын жыланның алдында бас иеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1857864-j-iesini-limine-katysty-kylmystyk-is-sotta-totyks-zauap-bermeksi/

pixel