RU

Қазақстан парламентінде оппозиция пайда болады

Сенаторлар парламентте оппозицияны қалыптастыруға бағытталған түзетулерді қолдады. Құжат мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қол қоюына жіберілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан парламентінде оппозиция пайда болады
Фото: primeminister.kz: UGC

Мәжілісмен Азат Перуашев парламенттік оппозиция Қазақстанның құқық алаңына алғаш рет енгізіліп отырғанын айтты.

Осылайша, оған өз пікірін және халық пікірін білдіру, республиканың барлық тұрғынын толғандыратын мәселелерді көтеру құқығы беріледі.

Құжат оппозициялық блок депутаттарының өкілеттігін де кеңейтеді.

Олар, атап айтқанда, парламенттік тыңдаулар мен түзетулерге бастамашылық жасау құқығына ие болады. Сонымен қатар, оларға оппозиция келіспейтін үкіметтік құжаттарға балама жасайтын заң жобаларын енгізу мүмкіндігі бекітіледі.

Қазақстан парламентіндегі оппозиционерлерге жоғарғы палатаның және тұрақты комитеттердің отырыстарында, сондай-ақ парламентшілердің бірлескен отырыстарында сөз сөйлеуге рұқсат етіледі.

"Біз осы түзетулерді қабылдау қазақстандық парламентаризмді дамытуға жаңа жол ашады деп есептейміз", - деді палата спикері Мәулен Әшімбаев.

Айта кетейік, Қазақстан қалалары мен аудандарындағы сайлау учаскелеріне осы жылдың 1 шілдесіне дейін түгендеу жүргізу тапсырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1857872-kazakstan-parlamentinde-oppozicia-pajda-bolady.html