RU

"Шаруаларымен кеткен": Ақмола облысында кәсіпкер азаматты іздеп жатыр

Бірнеше күн бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен кәсіпкерді туыстары мен полиция іздестіруде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында кәсіпкер із-түзсіз жоғалып кетті
Фото: Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі, KAZ.NUR.KZ: UGC

37 жастағы Руслан Имандиновтың жоғалып кеткені туралы ақпарат бастапқыда әлеуметтік желілерде пайда болды.

Металлмен байланысты кәсіппен айналысатын ер адамның жұбайы күйеуі 25 мамыр күні жоғалып кеткенде алаңдай бастаған.

Ол күннің ортасында Русланның Toyota Estima Lucida автокөлігімен Щучинск қаласына бет алғанын хабарлады.

Ол басқа қалаға жұмыс барысымен кеткенін айтқан. Содан кейін байланысқа шығуын тоқтатыпты.

Алдымен әйелі күйеуін өз бетінше іздеген, бірақ содан кейін құқық қорғау органдарынан көмек сұрауға шешім қабылдаған.

Сол күні кәсіпкердің жұбайы Руслан Имандиновтың жоғалып кеткені туралы арыз жазыпты. Полиция іздеу жұмыстарын бастаған, бірақ әзірге нәтиже жоқ.

Облыстық полиция департаментінің мәліметтеріне сәйкес, тәртіп сақшыларына жоғалған адамның көлігін көргені туралы азаматтардан ақпарат келіп түскен. Ведомствоның хабарлауынша, олар қателесуі де мүмкін. Бірақ барлық нұсқалар тексеріледі.

  • Кәсіпкердің бойы шамамен 170-180 сантиметр. Жоғалып кеткен күні оның үстінде сұр түсті шорты, қара футболка мен кроссовка болған.

Полиция із-түзсіз жоғалған адамның туыстарынан, әріптестерінен және көршілерінен жауап алып, барлық жағдайларды анықтауда. Құқық қорғау органдары ер адамның қайда екенін білетіндердің барлығына дереу 102 нөміріне қоңырау шалуын сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1857877-akmola-oblysynda-ksipker-iz-tzsiz-zogalyp-ketti.html