RU

Депутат: Офшорға елден шамамен 140 миллиард доллар шығарылған

Cенат депутаты палатаның пленарлық отырысында 2000 жылдан бері елден шамамен 140 миллиард доллар шығарылғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Ольга Перепечина елден шетелге қанша ақша шығарылғаны туралы нақты мәліметтер жоқ екенін атап өтті.

Оның пікірінше, бұл елде мониторинг пен бағалаудың бірыңғай жүйесі жоқ болуымен байланысты. Депутат сонымен қатар мемлекет тиісті зерттеулер жүргізбейтінін жеткізді.

Ол Тax Justice Network халықаралық ұйымының мәліметтеріне сілтеме жасай отырып, 2000 жылдан бастап Қазақстаннан шетелге шыққан капитал шамамен 140 миллиард долларды құрағанын атап өтті.

Халық қалаулысының айтуынша, 2015-2019 жылдар аралығында ұлттық және шетел валютасын қайтару талаптарын сақтамау фактілері бойынша 238 қылмыстық іс қозғалған. Олардың 170-сі құқық бұзушылықтың болмауына байланысты тоқтатылған. Тек үш қылмыстық іс сотқа жолданған.

Алайда олардың аясында, елден шығарылған ақшаны қайтару мәселесі қарастырылмаған.

Депутат капиталдың заңсыз шығарылуына қарсы қазіргі жүйе жетілдірілмеген деген қорытындыға келген. Осыдан кейін Ольга Перепечина премьер-министр Асқар Маминнен мониторин жүргізіп, экономикалық тергеу жүргізуді сұрады.

Ол сондай-ақ, қолданыстағы заңдар шетелге ақша шығарудың түрлі заңды тәсілдерін пайдалануға мүмкіндік беретінін де атап өтті. Тіпті қаржыны елден заңсыз шығару фактісі әшкере болса да, заң бойынша оны қайтару міндеттемелері жоқ.

Еске сала кетсек, осыған дейін Ақтөбеде әкім аппаратының шенеунігі 9,9 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1857886-deputat-samamen-140-milliard-dollar-elden-sygarylgan.html