RU

Отандық ғалым: Препарат салдырмай-ақ, індетті тоқтату үшін халықтың 60-70% ауырып шығу керек

Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты аса қауіпті аурулар зертханасының меңгерушісі профессор Леспек Құтымбетовтің айтуынша, вирус жұқтырудың шыңы әлі алда. Өйткені карантин шаралары жеңілдеген соң, ауру қайтадан көбейіп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Фото: pixabay.com, жеке мұрағат
Фото: pixabay.com, жеке мұрағат: Instagram
"Қазіргі кезде елімізде коронавирус жұқтырғандар саны небәрі 0,1 пайызды құрайды, яғни 10 мың адамның тек біреуі ауырып жатыр деген сөз. Эпидемиологиялық жағдайға қарасақ, вирустың таралу потенциалы 10 мың есе көп. Сол себепті "пик" әлі алда.
Ешқандай препарат салдырмай-ақ, індетті тоқтату үшін халықтың 60-70 пайызы, яғни 12 миллион адам ауырып шығуы керек. Сол кезде ғана індет таралмайды. Бұл жұқпалы аурудың заңдылықтары", - дейді профессор.

Ғалым карантиннен толығымен шығу үшін, алдымен, адамдарға вакцина салу керек екенін айтады. Ал карантинді әр жеңілдеткен сайын, ауру өрши береді. Өйткені ағзада вирусқа төтеп беретін қорғаныш жоқ.

Леспек Құтымбетов коронавирус инфекциясына қарсы вакцина халыққа тегін егілуі керек деп санайды. Себебі бұл аса қауіпті аурулардың қатарына жатады. Дегенмен, баға мәселесін әр үкімет өздері шешеді екен.

Айта кетейік, бұған дейін ғалым елімізде COVID-19 қарсы вакцина қалай әзірленіп жатқанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1857905-otandyk-galym-preparat-saldyrmaj-ak-indetti-toktatu-sin-halykty-60-70-auyryp-sygu-kerek.html