RU

"Бесеуі нәресте": Қырғызстанда перзентханада 30-дан аса адамнан коронавирус анықталған

Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Ош облысындағы перзентханада 34 адамнан коронавирус табылған деп жазады KAZ.NUR.KZ Азатыққа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Министрліктің мәлімтеніше, COVID-19 анықталған 34 адамның 15-і -медицина қызметкері, 14-і -жаңа босанған әйел және бесеуі нәресте.

Ведомствоның хабарлауынша, перзентханада коронавирус бары бұған дейін де белгілі болған, мекеме карантинге жабылып, кейінірек обсервацияға айналған.

Өткен тәулікте Ошта 35 адамнан коронавирус табылған. Мұнда барлығы 177 адамға вирус жұқтырған.

28 мамыр күнгі ақпарат бойынша, жалпы Қырғызстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1594-ке жеткен. Олардың 397-і ел астанасы Бішкектен.

1066 адам сауығып шықса, 16 адам қайтыс болған.

Ал еліміздегі жағдайға келер болсақ, өткен тәулікте тағы 272 адамнан коронавирус анықталып, жалпы елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 9576-ға жеткен.

4768 адам ауруынан айыққан. 37 пациент коронавирустан қайтыс болған. Вирус жұқтырғандардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласы мен Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстан облысынан.

Ал Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан вирус жұқтырғандар ең аз тіркелген өңірлердің қатарында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1857943-beseui-nreste-kyrgyzstanda-perzenthanada-30-dan-asa-adamnan-koronavirus-anyktalgan.html