Выйти
RU

АҚШ-та екі ауызы бар сәби дүниеге келді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

АҚШ-та екі ауызы мен екі тілі бар қыз бала дүниеге келді. Бұл жағдай тек дәрігерлерді ғана күллі әлем жұртшылығын таңғалдырып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Известия басылымына сілтеме жасап.

Екі ауыз бен екі тілмен дүниеге келген ерекше сәби жұртты таңғалдыруда

Көрнекі фото: pixabay.com

Белгілі болғандай ұрықтың дамуындағы ауытқулар жүктіліктің үшінші триместрінде байқалған.

Ультрадыбыстық зерттеу жақтың оң жағында артық массаны анықтаған. Алайда дәрігерлер бұл туа біткен артық ет немесе фиброзды дислозия деп ойлаған.

Дегенмен нәресте дүниеге келген соң оның кішігірім жағы, тілі және әлі шықпаған тістері орналасқан екінші аузы бар екені белгілі болған.

Сонымен қатар артық тіл негізгі тілдің қимылдарын қайталап тұрған.

Алты айдан кейін сәбиге ота жасалып, дәрігерлер оның екінші ауызын алып тастаған.

Дәрігерлер сирек кездесетін патологияға, яғни, дипрозопияға немесе бет құрылымдарының қайта дамуына қарамастан, нәрестенің денсаулығында басқа ауытқулар болмағанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бір-біріне мүлде ұқсамайтын, әртүрлі тері түсімен дүниеге келген егіздер туралы жазған болатынбыз.

Ағайынды Дэниел мен Дэвид бірнеше минут айырмашылықпен дүниеге келсе де, олар үлкен қара көздерінен басқа ешқандай жері бір-біріне ұқсамайды.

Ата-аналардың екеуі де, Стейси және Бабажиде қара нәсілді, бірақ сәбилердің бірі альбинос болып туған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
АҚШ-та екі ауызы бар сәби дүниеге келді